Португалияда ұшақ жағажайдағы ер адам мен 8 жастағы қызды қағып өлтірді

/uploads/thumbnail/20170803101226794_small.jpg

Лиссабон маңындағы  Капарика жағажайында  шағын ұшақ 56 жастағы ер адам мен 8 жастағы қызды қағып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан  екеуі де қаза тапты.  Куәгерлердің айтуы бойынша ұшақ адам басынан сәл жоғары деңгейде ұшып келе жатқан. Жағажайдағы барлық адамдар қатты қорқып суға секіріп, жан-жаққа қашқан. Ал қаза тапқандар сол уақытта жағажайда күн астында жатып ұшақты байқамай қалған көрінеді. Ұшақ ішіндегі екі жолаушы зардап шекпеген. Қазіргі уақытта оларды жергілікті полиция тергеп жатыр.

Қатысты Мақалалар