Қытай мен Үндістан арасындағы жер дауы соғысқа ұласуы мүмкін. Бұған Үндістан, Қытай және Бутан шекаралары тоғысқан Доклам үстіртінде үнді әскерлерінің шоғырлануы себеп болып отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.
Егер Үндістан өз әскерін қайтарып алмаса, Қытай соғыс бастамақшы. Бұл туралы Қытай Қорғаныс Министрлігінің қауіпсіздік жөніндегі халықаралық ынтымақтастық басшысы Чжоу Бо мәлімдеді.
Айта кетейік, екі алып ел арасындағы шиеленіс маусым айында басталған. Шиеленістің басталуына Қытай, Үндістан мен Бутан шекарасында орналасқан Доклам үстіртіне Қытайдың жол сала бастауы себеп болды.
Пікір қалдыру