АҚШ-тың Пенсильвания штатында уытты заттар тасымалдайтын пойыз рельстен шығып кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Россия 24 мәліметіне сүйеніп.
Оқиға Питтсбург қаласынан 160 шақырым жерде болған. Чикагодан Селкерк қаласына бағыт алған пойызға 32 вагон тіркелген екен. Темір жол жанындағы ғимаратқа соқтығысқан пойыз бірден өртеніп, жүзге тарта адам эвакуцияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Пікір қалдыру