Франция мен Италияда су тапшылығы белең алды

/uploads/thumbnail/20170803164503275_small.jpg

Еуропалықтар күннің қатты ысуынан  зардап шегуде. Ауа температурасы Орталық, Шығыс және Батыс Еуропа елдерінде жоғарылап, Франция мен Италияда судың жетіспеушілігі белең алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua мәліметіне сүйеніп.

Франция жерінде орналасқан Корсик аралында ауа температурасы 42 градус Цельсия. Бұл көрсеткіш түнгі уақытта 30 градусқа дейін төмендейді.

Жергілікті жердің медицина қызметкерлері мен өрт сөндірушілері төтенше жағдайға дайын отыр.

Зардап шегіп отырғандардың арасында Италия да бар. 27 қаласындағы аптап ыстық салдарынан Италия қауіптілік жағынан «қызыл деңгейді» көрсетіп тұр.  Сонымен қоса, құрғақшылық  егін алқаптарын зақымдаған.

Эмилия-Романья мен Тоскана аудандарында су тапшылығынан бірнеше ауыл шаруашылық жерлері зақымданып, 2 млрд. евро шығын келген.

Ватикандағы қасиетті Петр алаңында фонтандар өшірілген. Ватикан оны суды үнемдеу үшін бірінші рет өшіріп тұр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар