Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында содырлардың бірі полиция бекетінің жанында өзін жарып, 5 адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Афганистан.ру-ға сілтеме жасап. Жарақат алғандардың саны 25 адамға жетті. Олардың саны әлі де өсуі мүмкін. Оқиға аймақ орталығы Лашкаргах қаласында болды.
Жанкешті тексеру-бақылау бекетіне көлікпен келіп, жарылғышты іске қосқан. Полицияның пайымдауынша, лаңкес әскерилерді шабуылдамақ болған. Терактіні «Талибан» радикалды қозғалысы мойнына алды.