Аргентина астанасында мыңдаған адам биліктен жаңа жұмыс орындарын ашуды талап етіп шеруге шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Акцияға қатысушылар президент Маурисио Макридің экономикалық саясатына наразы. Өйткені үкімет дағдарыстан шыққан ел экономикасына инвестиция тарту үшін жалақы көлемін де азайтуды қолға алмақшы.
Орталық Америкадағы Никарагуада да дәл осындай наразылық акциясы өтті. Оны қазіргі президент Даниэль Ортегамен «Сандиниста көтерілісіне» қатысқан қарулас жақтастары ұйымдастырды. Олар биліктен зейнетақыны көтеріп, баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді сұрап отыр. Өйткені бұл заңмен қарастырылған.
Айта кетейік, 1962 жылы құрылған «Сандиниста азат ету майданы» Анастасио Сомоса билігімен күресіп, оны 1979 жылы тақтан құлатқан болатын.