Венеция мэрі: Террористерге ескертусіз оқ атылады

/uploads/thumbnail/20170824130930001_small.jpg

Венеция мэрі Луиджи Бруньяро террористерге ескертусіз оқ атылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qаmshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз Италияда терроризмді жеңуіміз керек. Ол үшін өзіміздің қорғанысымызды күшейтіп жатырмыз. Егер кімде-кім Сан-Марко алаңында «Аллаху Акбар» деп айғайлай жүретін болса, ойланбастан оқ атамыз. Бір жыл бұрын да осы тақырып төңірегінде өз ойымды айтқан болатынмын. Енді террорист үш қадам жасасымен оқ атамыз», – деп мәлімдеді Бруньяро Римини қаласында өткен Халықаралық котоликтер форумында.

Италияның БАҚ өкілдерінің біразы венециялық мэрдің мәлімдемесін арандату деп қабылдады. Алайда мэрдің өзі олай ойламайды.

«Барселонамен салыстырғанда біз кез келген жағдайға дайын отырмыз. Барселонада қажет кезінде қорғаныс болмады», – деп айтып өтті Бруньяро.

Қатысты Мақалалар