АҚШ-қа жеткен «Харви» дауылы Техас штатының Хьюстон қаласындағы су тасқынына алып келді. Кей көшелердегі бағдаршамға дейін су көтерілген. Халық белімен су кешіп жүр. "Харви" дауылы салдарынан 5 адам көз жұмған. 40 шақты адам іс-түссіз жоғалып кеткен. Ал синоптиктердің жасаған болжамдары да көңіл көншітпейді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ramler.ru мәліметіне сүйеніп.
Тасқын судан зардап шеккендердің бірі: "Мен бірінші қабатта тұрамын. Барлық мүлкім бүлінді. Қолымда балаларым бар. Ішерге ас, киерге киімсіз қалдық", – деп отыр.
Су басқан аудандардан адамдарды қайықпен тасымалдап жатыр. Алайда полиция қызметкерлері барлық адамға көмектесе алмайтындарын жеткізген. Аталмыш қалада 2 миллионға жуық адам тұрады. Олардың барлығы ешқайда шыға алмай отыр. Адамдарға шатырларда қорғануды ұсынылып отыр. Егер өмірлеріне қауіп төніп тұрмаса, көшеге шықпауға кеңес береді.
Бұл хабарландыруды аймақтағы барлық телеарналар үзбей көрсетіп жатыр. Алайда Хьюстон қаласының барлық жерінде электр қуаты сөндірілген. Екі Халықаралық әуежай жабылып, барлық жерді су басқан.
Айта кетсек, біраз уақыт бұрын «Харви» дауылынан 2 адамның көз жұмғаны хабарланған болатын.