Техас штатының «Харви» дауылы шыққан оңтүстік шығыс аймағында қауіпті химиялық заттың таралғандығы белгілі болды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Химиялық заттың таралғандығы белгілі болғаннан кейін жергілікті тұрғындарға сыртқа шықпай, салқындатқышты қоспай отыру керектігі ескертілген болатын. Билік химиялық заттың таралуына күтпеген табиғи апаттың қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер химиялық затты жоюмен айналысуда.
Техастағы дауылдың кесірінен тағы да екі бірдей мұнай қоймасында химиялық заттың төгілгендігі анықталды.