АҚШ-та кітапханада атыс орын алып, 2 адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170829151635317_small.jpg

АҚШ-тың Нью-Мексика штатында атыс болып, 2 адам қаза тауып, тағы алтауы жараланды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рейтер-ге сілтеме беріп хабарлайды.

Қанды оқиға Кловис қаласындағы кітапханада болған. Іле-шала келіп жеткен полиция адамдарға оқ атқан күдіктіні ұстады. Ол 16 жастағы бозбала болып шықты. Әзірге оның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.


Қатысты Мақалалар