Американың Флорида штатындағы қарттар үйінде 12 тұрғынның дүниеден озуына байланысты 245 қызметкердің барлығы жұмыстан қуылған. Бұл жайлы Associated Press хабарлайды.
Флоридада соққан алапат «Ирма» дауылы қарттар үйінің жанындағы трансформаторды істен шығарған. Соның салдарынан электр тоғы істен шыққан және салқындатқыш істемей қалған. Дауылдан кейінгі аптап ыстыққа қарттар үйінің 8 тұрғыны шыдай алмай, жан тәсілім еткен. Аз уақыттан соң тағы төрт адам қайтыс болған.
Штат губернаторы Рик Скотт осы оқиғадан кейін егде жандардың жағдайын жасай алмайтын қызметкерлердің ол жерде жұмыс істеуіне жол бермейтінін мәлімдеді.
Пікір қалдыру