Рохинджа мұсылмандарына тағы да шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170908164317303_small.jpg

Жабайы пілдер Бангладештегі рохинджа босқындарына арналған лагерьге шабуыл жасады, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Аталған оқиғадан кейін әйел мен 3 жеткіншек қайтыс болды.

Ресми деректерге сүйесек, пілдер таңға жақын босқындар алаңсыз ұйықтап жатқанда шатырларын таптап кеткен. Сонымен бірге бұл оқиға алғаш рет болып тұрған жоқ. Бұрын дәл осындай жағдай 2 рет қайталанған болатын. Жабайы пілдердің алғашқы 2 шабуылының салдарынан 7 адам тілге келместен қайтыс болыпты. 

Айта кететін болсақ, Мьянмадаға рохинджа мұсылмандарына көрсетілген зорлық-зомбылықтың кесірінен рохинджалықтар босқын ретінде Бангладешке көшкен. Қазіргі кезде мьянмалық босқындарға бірнеше елдердің тарапынан көмек көрсетілуде. 

Қатысты Мақалалар