Еуропалық одақ Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейтті

/uploads/thumbnail/20171017092250446_small.jpg

Еуропалық одақ Пхеньянға қатысты санкцияларын күшейтті,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  ЕО сыртқы істер министрлері дүйсенбі, 16 қазанда Люксембургтегі кездесуде Солтүстік Кореяға өңделмеген мұнай мен мұнайдан жасалған өнімдерді жеткізуге тыйым салуға келісіп, инвестициялаудан бас тартты.

Оған қоса, Солтүстік Кореяға жіберілетін қаржыны 15 мың евродан 5 мың евроға қысқартуға және КХДР-ң азаматтарына жұмыс визасын созуға мүмкіндік бермеуге келісті.

«Немецкая волна» хабарлағандай, бірнеше жеке тұлғаға және алты солтүстік кореялық мекемеге де қосымша санкциялар жасалды.

Қатысты Мақалалар