Мәскеуде тілшіге жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

/uploads/thumbnail/20171024090326789_small.jpg

Ресейлік журналист Татьяна Фельгенгауэрге шабуыл жасаған қылмыскердің ғимаратқа қалай кіргені көрінетін видеосы Эхо Мәскеу радиоорталығының Twitter парақшасында жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан қылмыскердің күзетшіге газ баллонды шашып, турникеттен өтіп жатқаны анық байқалады.

Айта кетсек, 23-ші қазан күні белгісіз ер адам Эхо Мәскеу радиоорталығына кіріп, тілшінің тамағына пышақ тақаған. Дәрігерлердің айтуынша, журналистің өмірі қыл үстінде тұр.

Қатысты Мақалалар