АҚШ президенті Дональд Трамп БАҚ өкілдеріне өзінің өте ақылды адам екенін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости мәліметіне сүйеніп.
«БАҚ өкілдері мені мәдениетсіз адам деп санайды. Адамдар менің АҚШ-тағы алдыңғы қатарлы университетте оқығанымды түсіне бермейді. Мен өте жақсы студент болдым. Және үлгерімім де жақсы болды. Мен өте ақылды адаммын», деп мәлімдеді Трамп журналистерге.