Жаттығу кезінде жұлынып кеткен ұшақ есігі Индиядағы тұрғын үйге құлап түскен. Times of India басылымының мәліметінше, аталмыш оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.
Diamond DA42 атты жергілікті авиациялық академиясы Телангандағы Секундерабад штатында 750 метр шамасындағы биіктікте жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Осы кезде ұшақ қатты дірілдеп, есігі жұлынып кеткен. Бірақ ұшқыштар оны дер кезінде жерге қондырып үлгерген.
«Бұл бір жарылыс сияқты болды. Барлығымыз жан ұшыра арпалысқа түстік. Сыртқа шыға салысымен көршіміз ұшақтан бірдеңе құлап кеткендігін айтты», - деді ұшақ есігі түскен үйдің иесі. Дегенмен, сыртта ешкім болмағандықтан, бәрі аман.
Осыдан біраз бұрын iz.ru сайты Ресейден келген турист Индиядағы Химачал-Прадеш деген жерде ұшақ апатынан қаза болғандығы туралы хабарлаған болатын.
Пікір қалдыру