Атамбаев Қырғызстан мен Ресей достығына арнап $45 мыңға саябақ ашты

/uploads/thumbnail/20171015134912008_small.jpg

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қырғызстан астанасы Бішкекте Қырғызстан мен Ресей халқының достығына арналған монументті қайта қалпына келтіріп,  саябақ ашты. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Біраз уақыт бұрын Атамбаев 7 қараша - Ұлы Қазан төңкерісі күні деген  атауды  Тарих және бабаларды еске алу күні деп өзгерту бойынша Жарлыққа қол қойған болатын. Жарлыққа сәйкес, 7-8 қарашада елде 1916 жылғы көтеріліске байланысты іс-шаралар өткізіледі.

Атамбаев Ресей мен Қырғызстанның достығын танытатын монументті реставрациялау жұмыстары мен  саябақтың құрылысына  45 мың доллар көлемінде қаржы бөлген.

«Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін, 7 қарашада, Тарих және бабаларды еске алу күні қарсаңында Бішкекте Қырғызстан мен Ресейдің достығын танытатын гүл бағын ашты» делінген хабарламада.

Қатысты Мақалалар