Актер Артур Төлепов інісінің тойында сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

/uploads/thumbnail/20171108124802409_small.jpg

Асылхан Төлеповтің ағасы Артур Төлепов те жақында әулетке келін түсірмек. Інісінің тойында, ағайын-туыстың алдында сүйіктісіне ұсыныс жасаған актер тойға жиналған қауымды дән риза етті.

Әлеуметтік желі ақпаратына сүйенсек, Артурдың болашақ жары Мәдина есімді қарағандылық ару.

«Өсіп өндім, ақыл тоқтаттым. Құрметті қауым. Бүкіл туған-туыстарымның алдында, отбасымның алдында сені бақытты қылуға уәде беремін. Ол үшін не керек? Ол үшін сенің маған тұрмысқа шығуға дайынмын деп, менің сөзімді қабыл алғаның керек», – деген Артур Мадинаның саусағына жүзігін тақты.

 

@arturtolepov өз сүйіктісіне ұсыныс жасады #Тойдын тойға ұласты ?️ #2

A post shared by Асылхан Айсулу Төлеповтер (@asylkhanaisulukz) on

Қатысты Мақалалар