Сооронбай Жээнбеков Қазақстанмен соңғы уақытта орын алған келеңсіз жағдайдың уақытша екенін айтты. Және алдағы уақытта жағдайдың дұрысталатынына сенім білдірді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
«Қырғыз-қазақ қатынасы ортақ мәдениет пен тарих, рухани байлығы жағынан, бауырластық жағынан тығыз байланыста. Сонымен қатар жағдайдың оңалуы үшін бірнеше рет келіссөздер де жүргізілді. Алдағы уақытта барлығы қалыпты орнына түсетініне сенімдімін»,- деп мәлімдеді Жээнбеков.