«Қамшы.кз» сайтында Тұрдыбек Құрметхан есімді азамат алдағы 2015 жылы болатын қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын кірістіре келіп, ол өзінің шағын жазбасында былай деп ағынан жарылыпты: «...2015 жыл шын мәніндегі елдіктің тойы болсын десек, тарихымызға күйе, сүйегімізге таңба болып келе жатқан Петропавл мен Павлодар атауын өзгерту керекпіз. Екі облыс Хан Керей мен Хан Жәнібек атанып, облыс орталықтары Қызылжар мен Кереку атын алса бабалар мен ұрпақтар алдындағы бір парызмызды орындаған болар едік».
Біздің кеңістіктегі қоғам – қаудырлақ қоғам. Бір тал шырпыны тастай салсаңыз, сабан секілді дүр етіп қаулап жанып қоя береді. Үп деген жел шықса, далп етіп сөне қалады. Кейде қотанға тұтатқан қоламта құсап қолқаңды жыбырлатып жатып алатыны тағы бар...
Бұл жолғы өртке жоғардағы адам себепші. Жанып жатқан дүниеге алыстан қарап отыра беруді ар санап, тұтанған отқа бізде бір ауыз «үп» демекпіз.
Тұрдыбек Құрметхан мәселенің тамырын талмаурын тұсынан ұрды. Жақсы айтты. Әрі дер кезіне айтты. Алайда журналистиканың ой еркіндігі, пікір алуандылығы һәм танымға бір табан жақындығы болмаса құр ұр да жық ұран «ұйытқы» бола қоймас.
Петропавлдың бұрынғы атауы Қызылжар екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Арғы, бергі тарихта бар. Бұрыңғы қара өлеңдер де болсын сол өңірдегі ақын-жырауларың аузына ілкен құйқалы Қызылжар ғой. Ал қазіргі Павлодарды Кереку деу – қате! Қазақта «кереку» деген сөз жоқ. Мұндай адамның да, жердің де тауын естігендеріңіз жоқ болу керек. «Кереку» сөзінің мағынасын кім айтып бере алады? Түбірге бөл, этималогиялық талда еш мағына таба алмайсың. Қай халық әнінен естідіңіздер «Ауылым көшіп барады Керекуге» дегенді. Жоқ ән мәтіндерінде һәм тарихи деректерде де Кереку атауы ұшыраса бермейтіні анық.
Кереку деген есімді мен қара нәсілді Бенинаның президенті Mathieu Kеrеkou (Матье Керекуді) білем.
Қалай ойлансамда Кереку деген сөздің мағынасын (субъектипті пікірім) өзі басым таба алмадым. Бірақ бірде этоногроф, ЕҰУ-нің Жазу-тарихының мұражайында істейтін Сымбат Ахматова апамыз айтқан еді: «Кереку деген қазақта сөз жоқ. Ол орыстың Коряков деген әскери бекінісін – қазақтар өздерінше қазақшалап алған түрі» деген еді. (1720 жылы қазіргі Повлолар өңірінде Коряковск деген форпост салынған). Енді «Коряков» дегенді қазақтың өз мәнерімен оқысаң – [Көриәку] болып оқылмай ма?! Оны қазекең жоқтан тапқандай «Кереку» ғып алған. Сымбат апамыз Павлодардың әлімсақтан аты киелі Баянауыл екенін тағы айтқан. Міне біздің де айтпағымыз осы Баянауыл болатын.
Өткен ғасырдағы газет-журналдар да Баянауыл атауы бар. Халық әні «Жәміш-айдың» сөзінде:
«Баянауыл басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.
Кішкентайдан бірге өскен құрбым едің,
Бір көруге жүзіңді аңсап жүрмін, Жәміш-ай!» немесе «Басында Баянауыл ойнады арқар, Сарқырып таудың суы төмен тарқар»,-деген де халық әндерінде бар. Демек, Повлодар қаласының әуелгі атауы Баянауыл! Мұны біз не үшін айттық, тек ғана тарихи атауы ұрпақ санасында дұрыс сақталсын деген ниетпен айттық. Сондықтан мұндай жердің атауына келгенде жергілікті халықпен, сол өңірдің өлке танитын, жер-су атауларының шығу тегін жіті білетін қариялармен, оқымыстылармен кеңескен жөн! Әгәрәкім қазақшалайтын мүмкіндік туса, байрығы Баянауыл атында қалғаны дұрыс. Бұл ол жердегі басқа ұлтардың да айтар уәжі қалмайды – тарихи атауына қайтарған жағдайда.
Ал, қала атауның қазақшалануына тілектеспіз! Бірақ осыдан бірнеше жыл бұрын Керей мен Әз-Жәнібек ханың мүсіні Астана шәһарына әзер «сыйғаны» белгілі. Сондықтан қыстан шықпай «уыз» дәмете қою қиын, өйткені бұл мәселе әлі де болса «қысыр».
Журналистика және саясаттану
факультетінің 4-курс студенті
Бақытбек Қадырұлы
