Грузия депутаттары төбелесті

/uploads/thumbnail/20170708161341622_small.jpg

Грузияның парламенттік плеранлық отырысының соңы депутаттардың жаппай төбелесімен аяқталды. Елдегі басқарушы билік өкілдері мен оппозиция тобы залда бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Жұлынған микрофон лақтырып, бір-бірін соққыға жыққан.

Даудың басы Грузияның халықаралық институттарға делегация өкілдеріне байланысты шығып отыр. Грузияның басқарушы «Грузинская мечта» партиясының депутаты оппозициялық партия өкілін бәйәдеп сөздермен боқтаған. Нәтижесінде қос тарап парламент залында қиян-кесі ұрыс майдан жасаған.

Өткен жылдың желтоқсан айында да парламент залында Уркаина мәселесіне байланысты төбелес шыққан болатын, ал ақпан айында қос лауазымды тұлға телевизиялық саяси дебат барысында жаға ұстасып қалған.

Орынбасар Бақытбек

Қатысты Мақалалар