Бұл өмірде «жеп» қояды...

/uploads/thumbnail/20171130133230252_small.jpg

Орынсыз өтірік айтпа, өйткені өтірік несібеңді жеп қояды. Абыройың төгіліп, тиеселі сыбағаң өзіңе бұйырмай кетеді. 

Ішімдік жүрген жерде ақыл болмайды. Әрі шарап сауапты жеп қояды. Ал ақылсыз тірлік жақсылыққа апармайды. Жақсылық жоқ жерде сауап та жоқ екені белгілі. Адам деген сауаппен көгереді. 

Қайғы, өмірді жеп қояды. Бұл ретте қайғы мен қуаныш егіз жүретінін есте ұстаған абзал. «Басыма іс түсті» деп барынша күйініп, еңсең езілмесін. Мықты бол. Қайғы мен қуанышты бірдей қабылдап, сабырлылықпен көтере білмесең, өміріңді қайғы жеп қояды. 

Садақа – бәлені жеп қояды. Алланың сәлемін бізге жеткізуші Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтуынша адамда 444 сүйек, 362 тамыр бар көрінеді. Әр күн сонша садақа беру керек дегенде шамаң келсе сол 444 сүйектің әрбіріне садақа жасау қажет. 

Қанағат – күнәні жеп қояды. Өйткені барға да, жоққа да тәуба жасап, қанағат етсең күнәң кешіріледі.

«Сені жоқтан бар еткен, тәрбиелеген, кемелге келтірген Раббың бар. Оның есімі қасиетті де, құдіретті Алла. 
Ол адамды бір уыс топырақтан жаратты. Асқан жомарт, мейiрiмдi, ерекше ракымды да қайырымды Раббыңның ақысы үшін Құран оқы! 
Ол адамға қаламды үйретті, білмейтіндерін үйретті».
Қуаныш Русланұлының фб парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар