Марк Цукерберг Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы ретінде желідегі өзгерістер жайын хабарлаған болатын. Сол себепті Facebook компаниясының бағалы қағаздар бағамдарының құны 4,5 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі nasdaq.com мәліметіне сүйеніп.
Марк Цукербергке компанияның 14 пайыз акциясы тиесілі. Ал акция бағасының төмендеуі бизнесменге 3,2 миллиард доллар шығын әкелді.
Айта кетсек, «Мен біздің жұмыс тобымызға өзара әлеуметтік әрекеттесуді қалыптастыру үшін дұрыс мазмұнды контент табуға көмектесу мақсатында өзгерістер енгіздім. Ең алдымен, сіздер жаңалықтар лентасынан өзгерістерді байқайтын боласыздар» деп хабарлаған болатын Марк Цукерберг.
Оның айтуынша, түрлі компаниялар мен БАҚ-тың посттары азайып, олардың мазмұны адамдар арасындағы маңызды қарым-қатынасты орналастыруға қатысты болуы міндеттеледі.
«Мұндай өзгерістерді енгізгеннен кейін адамдар бұл желіде көп отырмайды деп ойлаймын және де сайттарға кіру мүмкіншілігі де азаятын болады. Алайда, сіз Facebook желісінде отырып құртқан уақытыңыз бос кетпейді деп үміттенемін. Егер менің істеп отырғаным дұрыс болса, онда бұл қоғамға оң өзгерістер енгізеді деп ойлаймын», - дейді ол.
Пікір қалдыру