Иран билігі Телеграмм желісін қайта қолдануға рұқсат берді. Желінің бұғатталуы салдарынан маркетинг саласында аталған желіні қолданушы жүздеген компания шығынға ұшыраған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.
Кейбір деректерге сәйкес, Иранда Телеграмм желісін 40 миллион адам қолданады.
Айта кетсек, Иран билігі инстаграм желісін қаңтардың басында бұғаттан шығарған. Ал Ислам Республикасында әлі күнге дейін Facebook, Twitter желілері бұғаттаулы.
Пікір қалдыру