КХДР мен Оңтүстік Корея 12 жылдан бері алғаш рет Олимпиаданың ашылу салтанатында «Біріккен Корея» туымен шығады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Аталған елдердің басшылары осыған дейін 6 рет кездесті. Кездесу кезінде басшылар екі елдің командасы Пхенчханда өтетін Олимпиадаға бірге шығатыны туралы келісім жасасты.
Делегация екі халықтың қайта біріккенін көрсету үшін «Біріккен Кореяның» туын көрсететін болады. Ақ түсті туда көгілдір түспен Корей түбегі бейнеленген.
Сонымен бірге Оңтүстік Корея мен КХДР әйелдер арасындағы хоккейден бір команда жасақтауы мүмкін.
Пікір қалдыру