Оңтүстік Кореяның хоккейден әйелдер құрамасы Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарында солтүстіккореялық спортшылармен бір командада ойнауға наразылықтарын білдірді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рейтерс-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Оңтүстік Корея құрама командасы бұл туралы АҚШ-тағы жаттығуларынан келген соң білген. Спортшылар өздерінің бейтаныс адамдармен ойнайтындарына алаңдаушылық білдіріп, командадан кетуге мәжбүр болатындарын айтқан. Оңтүстік Корея құрама командасының бас бапкері Сара Мюррей ойыншылардың қарсы екенін жеткізген.
- Олимпиадаға тек 23 адам ғана қатыса алады. «Біздің команданың спортшылары өз орнымыздан айырылып қаламыз ба?», - деп қорқып отыр», - дейді ол.
Спортшылардың бірігуіне ел азаматтары да наразылық білдіруде. Оңтүстік Корея президентінің сайтына екі ел командаларының бірігіп, бір тудың астында өнер көрсететіне жүзден аса шағым түскен.
Пікір қалдыру