Филиппинде мектептің барлығы жабылып, жұрт эвуакуацияланып жатыр

/uploads/thumbnail/20180123153814860_small.jpg

Филиппиндегі Майон жанартауы атқылауы мүмкін деген күдік бар. Сондықтан таяудағы мектептердің барлығы жабылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ал 8 шақырым маңайда тұратын жұрт эвакуацияланып жатыр. Олар үшін 18 уақытша орталық ашылған. Қалғандарына мүмкіндігінше үйде отыруға кеңес берілді. Мамандар сыртқа тек бетпердемен шығуға болатынын ескертеді. Қазір өңірдегі көру мүмкіндігі қиындап тұр.

Негізі соңғы 400 жыл ішінде Майон 51 рет атқылаған екен. 1814 жылы жанартаудан шыққан от 1 мың 200-ге жуық адамның өмірін қиды. Ал 1993 жылы Майонның атқылауы кезінде 79 адам көз жұмған.     


Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар