Тайвань аралының Хуалянь қаласында күші 6,4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп хабарлайды.
Жер сілкінісінен 200-ге жуық адам зардап шекті. 560 үй электрсіз қалып, 5 ғимарат бұзылған. Қазіргі уақытта құтқарушылар іздестіру, көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.