Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

/uploads/thumbnail/20180210122533927_small.jpg

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Сауда нәтижесіне сәйкес, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррель үшін 2,02 долларға түсіп, 62,79 долларды құрады.  Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,95 долларға арзандап, 59,2 доллар болды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар