Байлар: Қап, кедей болғанымызда ғой...

/uploads/thumbnail/20180210150909161_small.jpg

Бірде кедей кісілердің бірі ғалым, әрі тақуа Суфиян әс-Сәуридің қасына барып, сұқбатына қатысқысы келетінін білдірді. Cуфиян оған: «Кел, төрлет, егер бай болғаныңда сені қасыма алмас едім», — деді.

Кедейлерді жақсы көріп, байларға жақын жүруді аса ұнатпайтындықтан, Суфиянның кейбір бай достары «Қап, кедей болғанымызда ғой» дейді екен. Муәммил (р.а.): «Сәуридің ғылым мәжілістерінде ең көп құрмет көретіндер кедейлер, аса көңіл бөлінбейтіндердің байлар екенін көрдім» деген. 

Қ.Сабыржанұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар