Кым Чен Ын Оңтүстік Корея басшысын Пхеньянға шақырды

/uploads/thumbnail/20180210153141402_small.jpg

КХДР басшысы Кым Чен Ын  Оңтүстік Корея Президенті Мун Чже Инаны тез арада Пхеньянға келіп, екіжақты саммит өткізуге шақырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оңтүстік Корея үкіметінің өкілі бұл шақыртуды брифингте Пхенчхандағы Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына келген, КХДР басшысының қарындасы Ким Ё Чен ауызша хабарлағаны туралы айтты.

Оңтүстіккореялық «Ренхал» ақпарат агенттігіне сүйенсек, Мун Чже Ина аталмыш кездесуді болдыру үшін қояр арнайы талаптары бар екендігін алға тартқан. Алайда, әзірше талаптардың не жөнінде екендігі белгісіз болып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар