19 жастағы қыз жанарын өз қолымен жұлып алған (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20180212025854032_small.jpg

Оңтүстік Королина атты америкалық штаттың Андерсон аймағында 19 жастағы қыз өз жанарын өз қолымен жұлып алған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

«Мен оқиға болған жерде болдым. Бір кезде жантүршігерлік айқайды естіп, қып-қызыл қанды көрдім. Мен сұмдық оқиға болғанын түсініп, бірден 911 нөміріне хабарластым. Алғашында диспетчер менің айтқаныма сенбеді», дейді сұмдық оқиғаның куәгері.

Оқиға шіркеудің маңында болыпты. 19 жастағы қыз шіркеуден шыққаннан кейін осындай сұмдық әрекетке барған. 

Шіркеу

Төтенше оқиғаның куәгерінің айтуынша, әлгі қыз көз шарасын өз қолымен ұстап тұрып өзіне жақындамауды сұраған. Қазір зардап шегуші ауруханада. Ал полиция қызметкерлері болған оқиға жөнінде тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар