Мексикада жойқын жер сілкінісі болды

/uploads/thumbnail/20180121131846208_small.jpg

Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака штатында кеше магнитудасы 7,2 балдық жер сілкінісі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) мәлім етті.

«USGS алғашқыда жер сілкінісінің  магнитудасы 7,5 балды құрағандығын  хабарлады, алайда артынша бұл мәліметті түзетті. Сейсмологтар зілзаланың алғашқы сілкінісі аса күшті болғандығын, одан кейін  де 100-ден астам жер асты дүмпуін тіркеді», — деп хабарлады Ұлттық сеймологияық қызмет өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Олардың ең қуаттысы  5,9 балды құраған. Мексика ІІМ азаматтық қорғанысы бойынша үйлестіруші Фелипе Пуэнтенің айтуынша, Оахака, Чьяпас, Мичоакан, Пуэбла және Мехико астаналық округінде қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер түспеген. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар