Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

/uploads/thumbnail/20180218164917513_small.jpg

Жексенбіде Иранда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайдыQamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости мәліметіне сүйеніп.  

Әуе апаты Исфахан провинциясында болды. Лайнер Тегераннан Ясуджге бет алып келе жатқан. Хабарланғандай, Aseman Airlines компаниясына тиесілі әуе кемесі Семир елді мекеніне жақын жерде құлаған.

Ұшақ бортында 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты. 

Мәлім болғандай, апатқа ұшыраған ұшақтың іске қосылғанына 20 жыл болған. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар