«Кселл» колл-орталығына келетін қоңыраулардың 40 мыңға жуығын немесе 60%-ын роботтар қарастырады. Бұл канал арқылы көрсетілетін сервис деңгейі 40%-ға артты, ал клиенттің мәселесін алғашқы қоңыраудан-ақ шешу көрсеткіші 50% болды. Бұған қоса, компанияның кейбір өнімдерін роботтар сата бастады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тіпті, мұндай сауданың көлемі арнайы бөлім атқаратын жұмысқа пара-пар.
2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Кселл» бизнес-өнімдер портфелінде IT мен digital бизнес-шешімдердің үлесі 54 пайыз болды. Олардың арасында «Kcell Бұлт», «IT-инфрақұрылым», Big Data негізіндегі мобильді маркетинг өнімдерінің желісі және Заттар интернеті (IoT) базасындағы шешімдер бар.
Биыл компания digital-қызметтерді дамытуды ең жоғарғы басымдық ретінде қарастыруды жалғастырады. Жақын арада М2М-қызметтер провайдерлеріне уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін SIM-карталарды басқару платформасы іске қосылады. Сонымен бірге компания Заттар интернеті (IoT) саласында жаңа шешімдерді нарыққа шығаруды және Big Data базасында қызметтер портфелін айтарлықтай кеңейтуді жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру