Польша қазақстандықтарға бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша гранттар ұсынады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ыға сілтеме жасай отырып.
Польша Үкіметі білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы 2016 жылғы 3 маусымдағы № 328 Келісім шеңберінде поляк тілін бір жыл оқуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына бакалавриат — 3 орын, магистратура — 4 орын және докторантура — 4 орын бағдарламалары бойынша гранттарды ұсынуда.
Келісім шеңберінде студенттер тегін оқиды, жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұра алады (шамамен 80 — 150 еуро) және докторантура студенттеріне арналған 300 еуро көлемінде стипендия ұсынылады.
Факультеттер мен білім беру мекемелерінің тізімі www.nawa.gov.pl сайтында орналасқан.