Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайында Нұрлан Оразалин «Құрметті төраға» атағына ұсынылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жазушылар Одағының қазіргі төрағасына бұл атақты беруге қарсы шығушылар көп болды. Соның бірі – Дулат Исабеков.
– Айналайын ағайын, сонша жау қуғандай табан астында, ешкіммен келіспей сайлап жіберетіндей не көрінді?! Тіпті дауысқа да салынбады. Ешкім білмей де қалды, - деді Дулат Исабеков.