Ресей қауіпсіздік күштері iPhone-дарды бұзатын құрылғы сатып алды

/uploads/thumbnail/20180315100553114_small.jpg

Ресей Тергеу комитетінің аймақтық басқармасы мен Ішкі істер министрлігі израильдік Cellebrite компаниясынан смартфондардың соңғы модельдерін бұзатын құрылғылар сатып алған. Бұл туралы BBC хабарлады.

Компанияның мәліметінше, технология гаджеттен суреттерді, шалынған қоңырауларды және мессенджерлердегі хат-хабарлар мен жазбаларды көшіріп ала алады.

Тергеу комитетінің Волгоград облысы бойынша басқармасы жаңа құрал-жабдықты 800 мың рубльге сатып алған. Ішкі істер министрлігінің Хабаровск өлкесі бойынша басқармасы барлығы бір миллион рубльге құрылғы алған.

2016 жылы Тергеу комитеті ведомство қызметкерлері заманауи смартфондарды бұзатын технологияны қолданатынын ресми түрде растаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар