Флорида штатында көпір құлап 4 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20171003140003525_small.jpg

Флорида штатының Майами қаласында көпір құлап, төрт адам қаза тапты, тағы 9 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости cайтына сілтеме жасай отырып.

«Үйінді астында тірі қалған ешкім жоқ екеніне көзіміз жеткенше, жұмысымызды жалғастыра береміз», — деді Майами-Дэйд құтқару қызметінің басшысы Дэйв Дауни баспасөз мәслихатында.

Құтқарушылар иттермен бірге үйінді астынан адамдарды іздеп жатыр.

Жергілікті арна хабарлағандай, көпір салынып бітпепті. Салмағы 950 тонна бөлікті тіректің үстіне 10 наурызда ғана орнатқан.

Қатысты Мақалалар