Түркіменстан президенті Гурбануглы Бердімұхамедов әйелдерге арнап музыкалық сый дайындады.
17 наурызда президенттің әйелдерге арнаған сыйы түркімен телевидениесінде көрсетілді.
«Сахнада елдің алды болып жүрген талантты әншілер өнер көрсетті. Алайда ең керемет сый басшының әйелдерге арнаған әні болды», - деп жазды ТДХ ақпарат агенттігі.
Басылымының мәліметінше, ролик 8 наурызда түсірілген. Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт теледидардан көрсетілгенімен, президенттің ән айтқан тұсы берілмеді. Бұл Түркіменстан халқы үшін күтпеген тосын сый болды.
Пікір қалдыру