Сауд Арабиясында әйелдерге ниқаб кимеуге рұқсат берілді

/uploads/thumbnail/20180330172734982_small.jpg

Әдептен озбаса, араб әйелдері кез келген киім үлгісінде киіне алады.

Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд әмірліктегі әйелдер өздерін еркін сезіну үшін түрлі жағдай жасауда.

Бұдан бұрын CBS телеарнасына берген сұхбатында монарх мемлекетте қара ниқабтан өзге де киімдерге рұқсат етілгенін ескерткен. Оның ойынша, әйелдердің бәрі бет-әлпетін жауып жүруге міндетті емес.

«Шариғат заңы бойынша әйелдермен қоса ер адамдар да қарапайым әрі ұстамды киінуі керек. Ол міндетті түрде ниқаб болуы тиіс деген сөз емес», - деген еді ханзада.

Ханзаданың айтуынша, киім үлгісін таңдау әйелдің өз еркіне берілді, тек әдептен озбаса болғны.

Айта кетейік, Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд өзге ханзадалардан либералды көзқарасымен ерекшеленеді. Әйелдерге спорттық шаралар мен көлік айдауға да рұқсат берген дәл осы ханзада болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар