Сәуір айының 2-6 аралығында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-орнында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғарғы білім беру ұйымдары курсанттарының арасында математика пәнінен ІV халықаралық олимпиадасы ұйымдастырылмақ.
Іс-шара ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы – Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы С.Шойгу мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С.Жасұзақовтың тікелей жетекшілігімен өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты; әскери мамандарды сапалы түрде дайындау, кәсіби деңгейде ынталандыру, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби деңгейін көтеру, дәріс берудің әдістемесін жетілдіру және де жоғары әскери оқу-орындары арасында сапалы бәскелестік құру болып табылады.
Қорғаныс мекемелері тарапынан, офицерлік кадр мамандарды дайындауда жоғары кәсіби деңгейде көңіл аударып, зияткерлік сайыстар арқылы халықаралық сеніммен достық қарым-қатынасты нығайту және де ғылыми-білім саласында тәжірибе алмасу болып табылады.
Олимпиадаға ТМД елдерінен 7 мемлекеттің командалары қатысады олар: Ресей, Белоруссия, Қырғыстан, Армения, Қазақстан, Тәжікістан және Өзбекістан.
Ауқымды шараға қазылық етуге ТМД қатысушы мемлекеттерден келетін командалардың жетекшілері және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының бейіндік ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері мен азаматтық жоғары оқу-орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы тартылмақ.