Бразилияда түрмеден қашпақ болған 22 адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20180205200949858_small.jpg

Бразилияның Белен қаласында орналасқан Санта-Изабел түрмесінде жазасын өтеп жатқандар қамаудан қашпақ болған. Нәтижесінде 23 адам өлген. Бұл туралы Globo телеарнасы хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандардың бірі түрме күзетшісі және қалған 22 адам қамаудағылар.

Түрмеден қашып шығу жоспары алдын ала ойластырылған. 15 адамнан құралған қарулы топ түрмеге шабуыл жасаған. Жазасын өтеушілердің қашуына көмектескендер қолдан жасалған жарылғыштардың көмегімен түрме қабырғаларының бірін жарып жіберген.   Қамаудағылар да қарулы болған. 

Қатысты Мақалалар