Қытай полициясы қалай дамып келеді?

/uploads/thumbnail/20180414132521802_small.jpg

Қытай полициясы 60 мың адамның арасынан қылмыс жасады деген күдік тағылған ер адамды тапты. Бұған Қытайдың тұлғаны тану жүйесі көмектесті. Бұл жайында БИ-би-си жазады.

Полиция күдіктің есімі Ао екенін және жасы 31-де екенін хабарлаған. Өткен аптада әйелі және бірнеше досымен Джеки Чунның концертіне келген. Сол жерде тұтқындалған.

Ер адам концертке кірер жердегі бейнебақылауға түсіп қалған. Оны залдағы өз орнына барып отырған кезде қолға түсірген.

Полицияның мәліметінше, Ао экономикалық қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

Ағымдағы жылдың наурызында полиция темір жол вокзалында түрлі іске қатысы бар 33 адамды қолға түсірді. Полиция қызметкерлері адамды тануға көмектесетін көзілдіріктер пайдаланған.

Қытай жасанды интеллект көмегімен тұлғаны тану технологиясын дамытып жатыр  және өз азаматтарына осындай техникалық құралдарды иеленген биліктен жасыру мүмкін емес екенін үнемі еске салып отырады.

Қатысты Мақалалар