АҚШ-тың экс-бірінші ханымы көз жұмды (фото)

/uploads/thumbnail/20180418122133178_small.jpg

АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буштың әйелі Барбара Буш 92 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Буштар отбасының ресми өкілі Джим Макграт Буш ханымның қайтыс болғаны туралы Туиттер парақшасына жазған.  Барбара Буш жүрек және өкпе ауруларынан зардап шеккен. Сонымен бірге АҚШ-тың экс-бірінші ханымы денсаулығының нашарлауына қарамастан дәрігердің көмегіне жүгінбей, соңғы күндерін отбасымен өткізген.

Барбара Буш

Оның артында алты баласы, 17 немересі, жеті шөбересі қалды. Жерлеу рәсімі алдағы сенбіде өтеді. Шетелдік БАҚ-тың ақпарына сүйенсек,  Барбара Буш АҚШ-тың бірінші ханымы ретінде ерекше танымал болған. Оның шашы ерекше болғандықтан көпшілік оны «күміс түлкі» деп те атаған. Тіпті, 1989-1993 жылдары президент болып отырған күйеуінен де танымалырақ екенін көрсеткен. 

Қатысты Мақалалар