Алматы облысында 25 мың балаға балабақша жетіспейді. Аймақта соңғы уақытта 14 балабақша мемлекетке қайтарылып, 4 жаңа ғимарат салында, 59-ға жуығы күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда мұнда жалпы алғанда, 217 балабақша мен 433 мектепке дейінгі тәрбие беретін орталық жұмыс істеп, 45 мыңға жуық бала бала тәрбиеленуде. Бірақ соның өзінде балаларға әлі орын жетіспеуде. Мемлекеттік бюджеттен облысқа 5 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Мемлекет тарапынан «Балапан» жобасы іске асырылып жатыр. Алайда мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. Облыстық білім беру басқармасының орынбасары Майгүл Омарованың айтуынша, 25 мың баланың бәріне бірде балабақшамен қамтамасыз ету әзірге мүмкін емес. Себебі, ішкі миграция және демография әсерінен қала тұрғындарының саны күннен күнге өсуде. «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын!». Балалардың қажетін өтемей, кемел болашақ туралы ойлау, әсте мүмкін емес секілді.
Сурет www.zhetysu-gov.kz сайтынан
Пікір қалдыру