Сенбіде Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы Гуйлинь қаласы аумағында Таохуа өзенінде екі қайық соқтығысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Апат салдарынан 11 адам қаза тапты, тағы 6 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Гуйлинь қалалық әкімшілігінен түскен ақпаратқа қарағанда, апатқа ұшыраған қайық аударылған кезде 57 адам су ішінде қалған, олардың 40-ы құтқарылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.