Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында сенбі күні белгісіз содырлар екі елді мекенге шабуыл жасаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жергілікті полиция қызметкерлернің айтуынша, содырлар кем дегенде 30 адамды өлтіріп кетті. Осы келеңсіз жағдайға дейін, бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғындардан шұғыл хабар түсіп, қауіпсіздік қызметі үш қылмыстық топтың мүшелерін тұтқындаған болатын. Кейін содырлар жиналып, тұрғындардан кек қайтаруды көздеген. Қазіргі уақытта оқиға болған аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілді.