ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Шымкентте босанған 13 жастағы қыз жайлы айтты. Бұл жайында Tengrinews.kz жазады.
— Мұндай оқиғалар болған. Алдағы уақытта тағы болуы мүмкін. Министрліктің міндеті — осы тектес оқиғаларды азайту. Біз мемлекеттік емес ұйымдармен кездесу өткізіп, ҚР БҒМ аймақтардағы балалар құқығын нығайтуға байланысты аталған жағдаймен күрес жүргізуді талқыладық, - деді министр.
Ерлан Сағадиевтің айтуынша, бұл мәселені талқылау үшін бірнеше шара жолға қойылған.
— Шаралардың басым бөлігі шығынды, арасында көп шығынға ұшырамай атқарылатын істер бар. Аталған жағдайларды азайту үшін мемлекеттік емес ұйымдарды біріктіріп, білім беру айналасына шоғырландырып жатырмыз. Мұның барлығы көп жағдайда отбасы мен мектептерге, мектептегі жағдайға байланысты. ҚР БҒМ жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр. Біздің айтқанымыз барлық мектепке қатысты, - деді Ерлан Сағадиев.
Айта кетейік, Шымкентте 13 жастағы 7-сыныптың оқушысы босанды. Сәбиін 22 сәуірде дүниеге әкелген.