Жерді жеке меншікке сату және жер телімін жалға пайдалану құқығын беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы
Жер телімдердің жеке меншікке сату 303 101 және жерді жалға алуға сату 303 202 кодтарына түсетін қаражаттар жергілікті атқарушы органға жер пайдаланушылардан түскен өтініштері бойынша, барлық жерге орналастыру құжаттары дайын болғаннан кейін Тараз қаласы әкімдігінің коллегия отырысында қарастырылып, Тараз қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес бекітіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына және Ұлттық экономика Министрлігінің «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына сәйкес жер учаскелерінің аукцион арқылы сату, жалға пайдалану жөніндегі ашық конкурстарды ұйымдастыру және өткізу туралы әр тоқсан сайын жоспарланып өткізіліп отыр.
Ары қарай, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің талаптарына сәйкес, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен және жер пайдалану құқығына өтініш білдірген азаматтармен келісім-шарт дайындалғаннан кейін аталған түсімдер 303 101 және 303 202 кодтарына түседі.
2017 жылы жергілікті бюджетке жерді жеке меншікке сату және жер телімін жалға жер пайдалану құқығын беру бойынша 303101, 303202 бюджеттік есептік кодтарына қаражаттың түсуі төмендегіні құраған:
Жылдар
|
303 101 |
303 202 |
||
жоспар, млн.тг |
орындалуы, млн.тг |
жоспар, млн.тг |
орындалуы, млн.тг |
|
2017 жыл |
330,4 |
378,3 |
55,0 |
67,3 |
2018 жылға 303 101 бюджеттік еспетік кодына 275,5 млн.теңге, ал 303 202 бюджеттік есептік код бойынша 40,0 млн.теңге қаражат түсімі жоспарланған.
2018 жылдың І тоқсанына жергілікті бюджетке жерді жеке меншікке сату және жер телімін жалға жер пайдалану құқығын беру бойынша 303101, 303202 бюджеттік есептік кодтарына қаражаттың түсуі төмендегідей:
Жылдар
|
303 101 |
303 202 |
||
жоспар, млн.тг |
орындалуы, млн.тг |
жоспар, млн.тг |
орындалуы, млн.тг |
|
2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары |
275,5 |
87,4 |
40,0 |
12,7 |
Тараз қаласы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімінің басшысы
Б.Ж. Сүгірбеков